Созақ ауданында «Мектепке нық қадаммен» қайырымдылық акциясы өтті.
Созақ аудандық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» қайырымдылық акциясы аясында игі шара ұйымдастырылды.
«Отбасын қолдау орталығында» өткен шара барысында әлеуметтік аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайдағы 11 отбасының балаларына мектеп формалары мен оқу құрал-жабдықтары табысталды.
Игі бастамаға ауданның жомарт кәсіпкерлері демеушілік көрсетті.
Шараға «Отбасын қолдау орталығының» директоры Елібаев Әділ Камалұлы және «Әділет» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Талғат Сейдахметұлы қатысып, демеушілерге алғыстарын білдірді.
Балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне үлес қосқан барша демеушілерге алғысымызды білдіреміз.
Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың көрінісі. Осындай игі бастамалар өз жалғасын таба берсін!

