Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 11 сентября, 2026 Туркестанская область

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ОТБАСЫН ҚОЛДАУ КҮНІ — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАЙТЫН ЕРЕКШЕ КҮН!

Отбасы — әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, тәрбиенің бастауы, мейірім мен адамгершіліктің мекені. Берекелі отбасы — берік қоғамның, ал берік қоғам — қуатты мемлекеттің негізі. Осы айтулы күнге орай «Жастар Рухы» жастар қанатының отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалары аясында Әйелдер қанатының төрайымы Ж. Жұмакулова және Әйелдер қанатының белсенді мүшелері бас қосып, отбасының қоғамдағы маңызы мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін кеңінен насихаттады.

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: ОТБАСЫН ҚОЛДАУ КҮНІ — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАЙТЫН ЕРЕКШЕ КҮН!

👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы — тәрбие мектебі.

Бала бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық пен жауапкершілік ең алдымен отбасында қалыптасады.

🌷 Әйел — отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі.

Бүгінде еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне белсенді араласып жүрген әйелдер отбасы мен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып келеді. Әйелдің мәртебесін көтеру, ана мен балаға қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту — баршамызға ортақ міндет.

🇰🇿 Жастар Рухы — отбасылық құндылықтарды жастар арасында кеңінен дәріптеуді маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Себебі елдің ертеңі — тәрбиелі, білімді, отансүйгіш және жауапты ұрпақтың қолында.

Бүгінгі таңда жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ерте жастан жауапкершілікті қалыптастыру, ата-анаға құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын сақтау — аса маңызды.

Отбасы мықты болса — қоғам мықты.

Қоғам мықты болса — мемлекет қуатты!

Барша қазақстандықтарды Отбасын қолдау күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа шаттық, береке, татулық пен баянды бақыт тілейміз! ❤️

Берекелі отбасы — бақытты ұлттың бастауы!

Бірлігіміз бекем, шаңырағымыз биік болсын!

6aa3e8c064b9e.jpg
6aa3e8c05f9eb.jpg

 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...