Түлкібас ауданында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті
Жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясы Түлкібас аудандық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алуға мүмкіндік жасау.
Жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен бүгін «Мектепке нық қадаммен» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен қарсы алуға мүмкіндік жасау.
Ізгі шара барысында бірқатар отбасының ұл-қыздары мектепке қажетті сөмкелермен, оқу құралдарымен және кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Бұл – балалардың білімге деген құлшынысын арттырып, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен қадам басуына жасалған шағын болса да маңызды қолдау.
Балалардың қуанышы мен ата-аналардың алғысы – акцияның ең үлкен нәтижесі. ![]()
Осы игі бастамаға демеушілік танытып, әлеуметтік жауапкершілік танытқан «Шымкентцемент» ЖШС ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз – балаларға жасалған үлкен қамқорлықтың жарқын үлгісі.
Бірге қолдау көрсетсек – балаға үміт, отбасына қуаныш, қоғамға жылу сыйлаймыз!

