«Заманауи қоғамдағы әйел»
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты Көкшетауда әйелдер бастамасын қолдауға арналған кездесу ұйымдастырды

Көкшетау қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты «Заманауи қоғамдағы әйел» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар әйелдердің ғылым мен бизнестегі рөлін, отбасылық құндылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Ал «Шабыт» көркемсурет мектебінің оқушылары ұйымдастырған көрме іс-шараның мазмұнын аша түсті.
Ашық диалог алаңына ғылыми және іскерлік қауымдастықтардың, қоғам өкілдері мен бейінді ведомстволардың өкілдері жиналды. Кездесуді «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Акманат Алимбетова ашты. Ол әйелдер бастамасына қолдау көрсетудің және әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді атсалысуының маңызын атап өтті.
«Бүгінде әйелдер өзін түрлі салада табысты жүзеге асырып келеді. Солай бола тұра, отбасы, қамқорлық, өзара сыйластық пен қолдау өміріміздің маңызды құндылықтары болып қала береді. Партияның Әйелдер қанаты өзекті мәселелерді талқылауға, бастамаларды қолдауға және әр адам үшін маңызды құндылықтар туралы ашық айтуға мүмкіндік беретін алаңдар құруға ұмтылады», – деді Акманат Алимбетова.
Жүздесу барысында қатысушылар төрт негізгі бағыт бойынша пікір алмасты. Мәселен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Айгуль Жакупова әйелдердің ғылым саласындағы кәсіби дамуы туралы баяндады. Ал «ЭКО-DUMP» ЖШС директоры Мариям Абишева өз ісін ашу және бизнесті отбасымен қатар алып жүру тақырыбын қозғады. Бұл ретте, Оксана Волкова-Михальская өзара қолдау көрсету мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын атап өтті.
Отбасы құндылықтары туралы диалогтың жалғасы ретінде «Шабыт» мектебі оқушыларының туындылары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Жас суретшілер ана бейнесін, үйдегі жылулық пен махаббат туралы түсініктерін өз туындылары арқылы жеткізді. Осылайша, олар сыйластық пен ауызбіршілік туралы түсініктер бала кезден бастап қалыптасатынын көрсетті.
Кездесуге қатысушылар қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі бөлім басшысы Назира Турсимбаева жанжалдарға дер кезінде әрекет етудің және азаматтардың өз құқықтары туралы хабардар болуының маңызын еске салды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі тұрақты назар аударуды және ашық диалогты қажет етеді. Қиын жағдайға тап болған адам көмекке жүгіне алатынын түсінуі маңызды. Мәселені жасырып қалуға болмайды. Қауіпсіз отбасы ең алдымен, өзара сыйластыққа, сенім мен жауапкершілікке негізделген қарым-қатынастан қалыптасады»», – деді Назира Турсимбаева.
Кездесу өзін-өзі дамыту және мансап пен отбасылық өмірді қатар алып жүру мәселелерін талқылаумен түйінделді. Қатысушылардың айтуынша, әйелдер қауымы қоғам дамуына жан-жақты үлес қосып отыр. Мұндай ашық диалогтар «Әділет» партиясы Әйелдер қанаты жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy



