Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 12 сентября, 2026 Туркестанская область

🏆 «Зерделі отбасы» – отбасы бірлігін нығайтқан интеллектуалдық дода

Сайысқа «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымының төрайымы, аудандық Отбасын қолдау орталығының заңгері әділқазы ретінде қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін марапаттады.

🏆 «Зерделі отбасы» – отбасы бірлігін нығайтқан интеллектуалдық дода

🏆 «Зерделі отбасы» – отбасы бірлігін нығайтқан интеллектуалдық дода

Бәйдібек ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара байланысты нығайту және отбасылық бірлікті арттыру мақсатында «Зерделі отбасы» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараны Бәйдібек аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, отбасылардың логикалық ойлау қабілеті мен білімін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын сынға салды.

Тартысты сайыс 4 кезеңнен тұрып, жалпы 10 адамнан құралған отбасылық командалар логикалық сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты. Әр кезеңде қатысушылардың білімділігімен қатар, бірлесе шешім қабылдауы, бір-бірін қолдауы және командалық үйлесімі айқын көрінді.

Сайысқа «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымының төрайымы, аудандық Отбасын қолдау орталығының заңгері әділқазы ретінде қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін марапаттады.

Осындай тағылымды шаралар арқылы отбасының қоғамдағы орны айқындалып, білімді, ұйымшыл әрі бірлігі бекем отбасылардың өнегесі насихатталады.

Жеңімпаз отбасыларды құттықтай отырып, сайысқа белсенді қатысқан барлық жанұяларға алғыс білдіреміз!

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Бәйдібек аудандық Жастар ресурстық орталығының ұжымына және басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Берекелі отбасы – берік қоғамның негізі!
Отбасындағы бірлік пен өзара қолдау әрдайым құндылығымыз болып қала берсін! 🌿

#ӘйелдерҚанаты
#ЗерделіОтбасы
#ОтбасыҚұндылықтары
#БәйдібекАуданы
#ОтбасыБірлігі

Теги
Содействие развитию инклюзивного общества Содействие укреплению женского здоровья и института семьи

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!