Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 12 сентября, 2026 Туркестанская область

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ЖҮРЕКТЕН

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ЖҮРЕКТЕН


11 қыркүйек күні «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымының бастамасымен, аудандық Отбасын қолдау орталығының үйлестіруімен ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға бағытталған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Бұл – «Әділет» партиясының қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, көмекке мұқтаж азаматтардың мәселесіне бейжай қарамауға бағытталған игі бастамаларының бірі.

Акция барысында ауданымыздағы әлеуметтік осал санатқа жататын әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға және көпбалалы аналарға қолдау көрсетілді. Бірқатар отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, күнделікті тұрмысқа қажетті нақты көмек ұсынылды.

«Әділет» партиясының осындай бастамаларының маңызы – қайырымдылықты бір реттік көмек ретінде ғана емес, қоғамдағы өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтарын нығайтатын ортақ жауапкершілік ретінде қалыптастыруында.

Әйелдер қанаты үшін отбасы, ана мен бала мәселесі, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың жағдайына назар аудару – маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте бүгінгі акция да мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың мәселесіне назар аударудың нақты көрінісі болды.

Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес. Бұл – адамның жағдайын сұрау, мұңын тыңдау, қиын сәтінде жанынан табылу. Кейде бір себет азық-түлік отбасы үшін үлкен қолдау болса, бір ауыз жылы сөз оның ертеңгі күнге деген сенімін арттыруы мүмкін.

Осындай игі істер арқылы біз қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың, өзара көмектің құндылығын дәріптейміз.

«Жақсылық жасап жарысайық!» деген ұстаныммен қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

Игі шараның өтуіне атсалысқан демеушілерге, ұйымдастырушыларға және белсенді азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің қолдауларыңыз – көмекке мұқтаж отбасы үшін нақты демеу, ал қоғам үшін ізгіліктің жарқын үлгісі.

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды.
Бір отбасыға жасалған көмек – тұтас қоғамның мейірімін көрсетеді.

#ӘділетПартиясы
#ӘйелдерҚанаты
#БәйдібекАуданы
#ЖақсылықЖасауЖүректен
#ЖақсылықЖасапЖарысайық
#ОтбасыҚолдауда

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...