Аға буынға – құрмет пен қамқорлық
Шортанды аудандық “Әділет” партиясынының жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері Научный кентінің 70 жастан асқан тұрғындары – зейнеткерлердің үйлеріне барып, жағдайларымен танысты.
Софья Ильинична Айтбагина, Сабира Бейсеновна Бурмаганова, Надежда Ивановна Бобкина және Вера Тимофеевна Исакованың шаңырағына арнайы барып, әрқайсысына азық-түлік себеттерін табыстады.
Ең бастысы – сыйлықпен бірге жылы әңгіме айтып, үлкендердің жағдайын сұрап, ұсыныстары мен ізгі тілектерін тыңдап, өмір жолындағы естеліктерімен бөлістік.
Мұндай кездесулер – аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі. Кейде адамға материалдық көмектен бұрын жылы сөз, шынайы көңіл мен қарапайым адамдық назардың өзі ерекше маңызды.
Үлкенге құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге. Қамқорлық пен ізгілік әрдайым жалғасын таба берсін!
#ӘйелдерҚанаты #Қамқорлық #АғаБуын #ҮлкенгеҚұрмет