Алматы облысында "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – ортақ міндет" атты кездесу
Алматы облысы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әлеуметтік қолдауы: мемлекет, мектеп, отбасы және қоғамның ортақ жауапкершілігі» атты кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылау.
Іс-шара барысында бала қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, отбасылық тәрбие, мектеп пен ата-ананың өзара байланысы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қозғалды.
Қатысушылар бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек бір мекеменің емес, мемлекет, мектеп, отбасы және жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.