Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

"Алтын той — 50 жылдық отбасылық бақыт"

"Алтын той — 50 жылдық отбасылық бақыт"

Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Зеренді аудандық филиалы Әйелдер қанатының төрайымы Райхан Ғабдуллина Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбугалиевпен бірге Владимир Александрович пен Тамара Петровна Русактардың шаңырағына арнайы барып, отбасылық өмірлерінің айтулы белесі — отау құрғандарына 50 жыл толуымен құттықтады.

Осыдан тура 50 жыл бұрын, 11 қыркүйекте, Владимир Александрович пен Тамара Петровна өмір жолдарын тоғыстырып, шаңырақ көтерген еді. Жарты ғасыр — бір адам ғұмырына татитын үлкен белес. Осы жылдар ішінде ерлі-зайыптылар махаббат пен өзара құрметті, қамқорлық пен қолдауды серік етіп, талай белесті бірге еңсерді.

Алтын той — бұл жай ғана мерейтой емес, бұл — берік отбасының, адалдықтың, өзара түсіністік пен отбасылық құндылықтардың жарқын үлгісі.

Владимир Александрович пен Тамара Петровнаны алтын тойларымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, отбасылық жылулық пен амандық, балалары мен немерелерінің ортасында ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!

Барша жерлестерімізді Отбасы күнімен құттықтаймыз!


 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...