Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Психологиялық қызмет институтыны... 27 қаңтар, 2026 Ақтөбе облысы

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында әйелдер қанатының психологиялық қызмет институтының жұмысын қолдау бағытында кеңес өтті.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында әйелдер қанатының психологиялық қызмет институтының жұмысын қолдау бағытында кеңес өтті.

📍«AMANAT» партиясының облыстық филиалында Әйелдер қанаты жұмысының психологиялық қызмет институтының жұмысын қолдау бағыты аясында басқосу өтті. Жиында психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайту және сала жұмысын жүйелеу мәселелері сөз болды.
🔹Кездесуге партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Күлшат Масалимова, осы бағыттың жетекшісі, айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова және ғалымдар, психолог-мамандар мен практик-психологтар қатысты.
🔸Отырыста психологтар қауымдастығын құру, облыстық білім басқармасы жанындағы «Жан ахуал» орталығымен бірлескен жұмыстарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар педагогтарды психоэмоционалдық қолдау, ерекше балалардың күтімімен отырған ата-аналарға көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау, аудан мен ауыл әйелдерінің психологиялық жағдайына мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиында Жұлдыз Қожабекова облыстағы психологиялық ахуал туралы айтып, сала мамандарының пікірін тыңдады.
💬Бұл басқосу өңірдегі психологиялық қызметті жүйелі дамытуға және әйелдер мен отбасылардың жан саулығын нығайтуға бағытталды. Алдағы уақытта көтерілген бастамалар негізінде жылдық жоспарымызды бекітеміз, - деді Жұлдыз Қожабекова.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

3 маусым, 2026

Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді

Достық үйінде өткен «Психология NEXT» өңірлік конгресінде психологтар жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық...

3 маусым, 2026

Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді!

«Достық» үйінде 02 мамыр күні «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Әйелдер қанаты мен Жамбыл облысы әкімдігі...