АУЫЛ ӘЙЕЛІ - АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ!
Әйелдер қанатының бастамасымен «Ауыл әйелі – ауыл экономикасы» форумы Сарысу ауданында өтті.
Форумда ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік әлеуеті, экономикалық белсенділігі және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Жиында аудандық партияфилиалының төрағасы А. Шортанбай, облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының жетекшісі А. Абухасова және ардагер ұстаз Ақжарқын Әжікенқызы сөз сөйлеп, ауыл әйелдерінің еңбегіне жоғары баға берді.
Ауыл экономикасының дамуына үлес қосып жүрген белсенді кәсіпкер әйелдер марапатталып, олардың табысты тәжірибелері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды.
Бүгінде ауыл әйелдері тек отбасының берекесін ғана емес, өңірдің өркендеуін де қамтамасыз етіп келеді. Осындай тағылымды форумдар арқылы Әйелдер қанаты қыз-келіншектерге қолдау көрсетуді жалғастыра береді.