Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Халықаралық ынтымақтастықты дамы... 4 наурыз, 2026 Маңғыстау облысы

«Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» форумы

4 наурыз күні AMANAT партиясы бастамасымен Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы аясында Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» атты Әйелдер форумы өтті.

«Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» форумы

Форумға барлық өңірден мыңнан астам әйел келген. Жиынның басты мақсаты – қоғам өміріндегі отбасының рөлін арттыру, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуына қолдау көрсету, сондай-ақ табысты жобалар мен тиімді бастамаларды кеңінен насихаттау.

Республикалық форумға Маңғыстау облысынан барған 30-ға жуық делегат «AMANAT» партиясының мүшелері – мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, түрлі сала мамандары. Бұл шара өңір әйелдері үшін тәжірибе алмасуға және өз әлеуетін танытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Форум барысында отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен тиімділікті арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Спикерлер қоғамдағы әйел көшбасшылығының маңызын атап өтіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Маңғыстаулық спикер, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова азаматтардың сұранысына бейімделген, әділетті әрі ашық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың өзектілігіне тоқталды. Ал облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Әйелдер қанатының» жетекшісі Пәния Сармурзина «Ана туралы» эссесін тебіреніспен оқыды. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы әйелдің айрықша орнына тоқталып, ұлттық құндылықтар мен отбасы институтының маңызын ерекше атап өтті.

✅ - Қазақта «әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тағылымды сөз бар. Бұл – ананың, жалпы әйел затының қоғамдағы рөлін айқын көрсететін терең ұғым. Біз қашанда ананы ардақтап, қызды құрметтеген халықпыз. Отбасы институтын қалыптастыруда әйелдің орны бөлек, оның тәрбиесі мен тағылымы – тұтас ұлттың болашағын айқындайды, - деді Пәния Сармурзина.

Сондай-ақ, спикер қазіргі таңда қыз-келіншектердің мемлекеттік қызметте және түрлі салада табысты еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеумен қатар, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүргенін атап өтті.

✅ - Бүгінгі форумда Аида Балаева мен Әсел Балманова сынды білікті спикерлер атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын ортаға салды. Білім, ғылым және инновация бағытында өңіріміздегі «AMANAT» партиясы жанындағы әйелдер қанаты да жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Олар түрлі форумдар мен жиындар ұйымдастырып, маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Бұл – әйелдердің тек отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның белсенді мүшесі әрі мемлекет дамуының қозғаушы күші екенін айқын дәлелдейді, - деді Пәния Сармурзина.

Пәния Сармурзинаның айтуынша, ел болашағын айқындайтын маңызды құжаттарды қабылдау қарсаңында ұйымдастырылған бұл форум отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Жиын қорытындысында әйелдердің ел дамуына қосып отырған үлесін арттыруға бағытталған бастамаларға қолдау білдіріліп, бірлескен жұмыс тетіктері айқындалды. 

https://www.facebook.com/share/p/1b8UbzZbPw/

69fb1b952742a.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

23 мамыр, 2026

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағ...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...