Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 2 маусым, 2026 Ақмола облысы

«Балалар университеті» – ғылым әлеміне алғашқы қадам.

«Балалар университеті» – ғылым әлеміне алғашқы қадам.

2 маусым күні «Нәтижелі ғылым» жобасы аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында «Балалар университетінің» жазғы мектебі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Көкшетау қаласындағы №13 «Экос» мектеп-гимназиясының 3–4 сыныптарында білім алатын 50 оқушы қатысты. Қатысушылар химия және биотехнология бағыттары бойынша танымдық сабақтарға қатысып, қызықты химиялық тәжірибелермен танысты. Сонымен қатар, микроскоппен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгеріп, табиғи индикаторларды пайдалану арқылы әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеді.

Жазғы мектептің басты мақсаты – оқушылардың ғылымға, зерттеушілік қызметке және STEM бағыттарына қызығушылығын арттыру. Мұндай іс-шаралар балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

 

https://www.instagram.com/reel/DZPEhwpIvAU/?igsh=aTBlZHg0czFkcms1