Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Психологиялық қызмет институтыны... 17 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

«Балалардың құқықтары – басты назарда»

«Балалардың құқықтары – басты назарда»

Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай тақырыптық қабылдау күнін 2026 жылғы 18 қыркүйекте өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шара азаматтардың партияға деген сенімін нығайту, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау мақсатында республикалық желілік жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарын құқықтық қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелеріне арналады.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – азаматтармен тікелей диалог орнату, мемлекеттік және жергілікті деңгейде шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерді анықтау, атаулы консультативтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ халықтың балалар мен отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру.