«Бір тағдыр, бір мақсат!» – инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы
Инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы
«Бір тағдыр, бір мақсат!» – инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы
2026 жылғы 14 мамырда Халықаралық отбасы күніне орай Бурабай ауданында ерекше балалардың ата-аналары мен педагог-психологтарға арналған «Бір тағдыр, бір мақсат!» атты инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, ата-аналар мен педагогтер арасында кәсіби тәжірибе алмасуды нығайту және инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шара Бурабай ауданының Аналар кеңесі, AMANAT партиясы Ақмола облыстық филиалы, «Бәрі де сен үшін» және «Qolqanat» әлеуметтік жобаларының ұйымдастыруымен өтеді.
Өтетін орны: AMANAT партиясының Бурабай аудандық филиалы
Уақыты: 14:00–17:00
Серіктестер қатарында Ақмола облысының білім беру басқармасы, Инклюзивті Ассамблея және «Инклюзивті ата-аналар» қоғамдық қоры бар.
Бағдарлама аясында инклюзивті білім беру мен психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттары бойынша тәжірибелік сессиялар мен мастер-класстар өткізіледі. Қатысушылар мінез-құлықты түзету, баламалы және толықтырушы коммуникация, сенсорлық интеграция, сондай-ақ мектеп жағдайында инклюзивті тәжірибені енгізу мәселелерін талқылайды.
Іс-шара барысында ата-аналар мен мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті сұрақтарға жауап алып, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.
Қорытынды бөлімде еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар үшін мерекелік кездесу өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DYV8ehHIOjp/?igsh=MWF3MndncTlwOHhnMQ==