Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 17 тамыз, 2026 Ақмола облысы

Бурабайда – «Әділет» толқыны!

Бурабайда – «Әділет» толқыны!

Қазақстанның інжу-маржаны атанған көрікті Бурабайда ерекше бастама өтті. Ақмола өңірінің көгілдір айдыны мен табиғаты тамылжыған көркем жерінде «Әділет» партиясының «Әділет толқыны» шарасы ұйымдастырылды.

Бурабайдың айдыны бүгін ерекше көрініске куә болды. Көгілдір көлдің жағасында бас қосқан қатысушылар елдің болашағы, бірлік пен татулық, туған жерді құрметтеу және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеді.

Бурабай – Ақмола өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышы. Оның көркем табиғаты еліміздің туристік әлеуетін танытып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын ерекше мекен.

Бурабайдан бастау алған «Әділет» толқыны – ел бірлігіне, әділдік пен жауапкершілікке деген ортақ ұмтылыстың символы. Бұл бастама арқылы партия өкілдері халықпен жақын қарым-қатынас орнатып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында өз бағдарламасының негізгі бағыттарын тұрғындарға таныстыруды жалғастыруда.

Көркем Бурабайдың көгілдір айдынында басталған бұл толқын ел жүрегіне жетіп, әділдік, бірлік және ортақ жауапкершілік идеяларын кеңінен насихаттай берсін!

Табиғаты тамылжыған Бурабайымыз көркейіп, Ақмола өңірі өркендей берсін!
Еліміздің ынтымағы мен бірлігі нығайып, әр шаңыраққа береке мен тыныштық орнасын! 🇰🇿

Бурабайдан басталған «Әділет» толқыны – елге қарай!

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...