"Дәстүр-Стиль-Нәтиже" тақырыбында дөңгелек үстел
Ақтауда «Дәстүр – Стиль – Нәтиже» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, онда ұлттық мұра мен сән индустриясының байланысы талқыланды. Іс-шара «Kazakhstan Fashion Week» аясында ұйымдастырылып, оған дизайнерлер, этнодизайнерлер, мәдениет мамандары мен қолөнер шеберлері қатысты. Жиында «AMANAT» партиясының ұлттық құндылықтарды қолдау бастамалары айтылып, өңірдегі мәдениетті дамыту жұмыстары сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар ұлттық өнердің ерекшеліктері мен оны халықаралық деңгейде насихаттау мәселелерін талқылады.

https://www.facebook.com/share/p/1FoiJPpPEc/Ақтау қаласында «Дәстүр – Стиль – Нәтиже» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы аясында өткен жиында ұлттық мұра мен сән индустриясының сабақтастығы талқыланды. Іс-шараға отандық және халықаралық дизайнерлер, сән индустриясының өкілдері, этнодизайнерлер, мәдениет саласының мамандары мен қолөнер шеберлері қатысты.
Жиынды «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Пания Сармурзина жүргізіп, партияның ұлттық құндылықтарды қолдау бағытындағы жобалары жүзеге асып жатқандығын және ұлттық өнерді халықаралық деңгейге шығару бастамасын қолдайтындығын атап өтті.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңірдегі мәдениетті қолдау іс-шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар Маңғыстау облысы Қолөнер шеберлері одағының президенті, «Алтын оймақ» қолөнерді қолдау қоғамдық қорының төрайымы Әуес Сағинаева, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Айнахан Есетова, танымал этнодизайнер Тәрбия Айдымбаева ұлттық өнердің ерекшеліктері туралы баяндады.