Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

«Маликовтар отбасы – еңбекқорлық пен отбасылық жауапкершіліктің үлгісі»

«Маликовтар отбасы – еңбекқорлық пен отбасылық жауапкершіліктің үлгісі»

«Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалы Әйелдер қанатының «Әйелдер экономикада: еңбек, бизнес, нәтиже» бағытының жетекшісі Клара Меңдібаева, «Әділет» партиясы Бұланды аудандық филиалының төрағасы Раушан Хожабай және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Биғайша Тұртанова Маликовтар отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.

Маликовтар отбасы — береке-бірлігі жарасқан, еңбекқор, тату отбасының жарқын үлгісі. Бұл шаңырақта үлкенге құрмет көрсету, отбасылық дәстүрлерді сақтау және өз ісіне деген сүйіспеншілік ерекше бағаланады.

Светлана Степановна көптеген жылдар бойы білім беру саласына өз еңбегін арнап келеді. Еңбек өтілі мол болғанына қарамастан, бүгінде де аудандық білім бөлімінде әдіскер болып, өз ісін абыроймен жалғастыруда.

Жұбайы Рамиль Радикович те еңбегімен жас ұрпақтың тәрбиесіне өз үлесін қосып, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарады.

Рамиль Радикович жұбайымен бірге жасы 90-ға жуықтаған анасымен бір шаңырақта тұрады. Анаға қамқорлық көрсету, үлкенге құрметпен қарау және отбасы мүшелерінің арасындағы жылы қарым-қатынас ерекше құрметке лайық.

Маликовтар ерлі-зайыптылары өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Балаларының барлығы өмірден өз орындарын тауып, еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Осындай отбасылар — ауданымыздың мақтанышы. Олардың өмір жолы — еңбекқорлықтың, отбасылық жауапкершіліктің, үлкенді сыйлаудың және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегенің жарқын үлгісі.

Маликовтар шаңырағында әрдайым бейбітшілік, жылулық пен өзара түсіністік орнасын! Отбасының барлық мүшелеріне зор денсаулық, амандық, бақ-береке және еңбектеріне толағай табыс тілейміз.

 

#Әділет #БуландынскийРайон #АкмолинскийОбластнойМаслихат #Семья #СемейныеЦенности

 

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...