«Мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдік» диалог алаңы.
Диалоговая площадка на тему «Баланс карьеры и семьи».
Степногорск қаласының Жоғары тау-кен-индустриялық колледжінің оқытушылары арасында «Мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.
Кездесу барысында кәсіби қызмет пен отбасылық өмірді үйлестіру, уақытты тиімді басқару, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау және отбасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мансаптық мақсаттарға қол жеткізумен қатар, отбасыға жеткілікті көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу әр адамның кәсіби дамуы мен отбасылық құндылықтарды қатар алып жүруіне мүмкіндік беретін практикалық тәсілдерді талқылауға жол ашты.
Осындай диалог алаңдары отбасы институтын нығайтуға, өзара қолдау мен түсіністікті арттыруға ықпал етеді.