Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Жаңалықтар 16 тамыз, 2026 Ақмола облысы

«Мобильді керуен» Ақмола облысында: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Мобильді керуен» Ақмола облысында: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Мобильді керуен» Қазақстан өңірлеріне сапарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы керуенді Ақмола облысының тұрғындары ерекше қонақжайлықпен қарсы алды.

Сапар аясында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары да ұйымдастырылып, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізілді. Партия өкілдері өңір тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, азаматтардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдады.

«Мобильді керуеннің» басты ерекшелігі – халықпен тікелей байланыс орнатып, елді мекендердегі азаматтардың пікірін, ұсыныстары мен мәселелерін жергілікті жерде тыңдау.

Ақмола облысындағы кездесулер барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, жастарды қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту бағыттарындағы өзекті мәселелерін көтерді.

«Әділет» партиясы үшін халықпен ашық диалог – сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі. Мұндай кездесулер партияның бағдарламалық бағыттарын түсіндірумен қатар, тұрғындардың нақты ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді.

«Мобильді керуеннің» Ақмола облысындағы сапары – халықпен бірге, өңірлердің тыныс-тіршілігін жергілікті жерде зерделеуге бағытталған жұмыстардың жалғасы.

 

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

18 қазан, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 қазан, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...