Мойынқұмда Әйелдер қанаты: алдағы жоспарлар айқындалды.
Мойынқұм ауданында Әйелдер қанатының жетекшісі Ғалия Шубаева белсенді мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен маңызды бастамалар талқыланып, бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту және өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосу бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Ортақ мақсат жолында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласқан қатысушылар алдағы міндеттерді айқындап, нақты жоспар құрды.