«Отбасы мен бала – қоғамның басты құндылықтары»
Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында Атбасар ауданы аумағында тұратын отбасыларға бару ұйымдастырылды.
Көпбалалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға ерекше көңіл бөлінді. Кездесулер барысында отбасылардың әл-ауқаты, балаларды тәрбиелеу, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау және отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер отбасы мәселелеріне көңіл бөлуді арттыруға, өзара көмек мәдениетін дамытуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға ықпал етеді.
Берік отбасы — тұрақты әрі бақуатты қоғамның негізі!