Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

Отбасы – мейірім мен жылулықтың мекені

Отбасы – мейірім мен жылулықтың мекені

 

Отбасы күні қарсаңында, 11 қыркүйекте «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға бағытталған республикалық акция өткізеді.

Акцияның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған шаңырақтарға көңіл бөліп, олардың мұң-мұқтажына құлақ асу, қажетті қолдау көрсету және әр отбасы өзін қоғамның маңызды бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасау.

Бұл күні Әйелдер қанатының өкілдері отбасылардың жағдайымен танысып, жылы лебіздерін білдіріп, мүмкіндігінше қажетті көмек көрсетеді.

Отбасы – қоғамның тірегі. Ал отбасыға көрсетілген қамқорлық – болашаққа жасалған маңызды қадам.

Бір күндік акция аясындағы әрбір кездесу – жай ғана көмек емес, бұл адамға деген құрмет, жанашырлық пен қолдаудың көрінісі.

Біз үшін әр шаңырақтың берекесі, әр баланың бақытты күлкісі және әр отбасының ертеңге деген сенімі маңызды.

Қамқорлықтан – қуат, бірліктен – береке!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...