Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 11 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

«Отбасылық құндылықтар – берік отбасының негізі»

«Отбасылық құндылықтар – берік отбасының негізі»

Отбасы күні қарсаңында Сандықтау ауданының Әйелдер қанатының өкілдері Исаковтар отбасына арнайы барып, кездесу өткізді.

Бірге өткізген 40 жылдан астам уақыт – бұл жай ғана жылдар емес, қуаныш пен қиындыққа, ортақ арман мен мақсатқа, өзара қолдау мен түсіністікке толы тұтас ғұмыр.

Исаковтар отбасы осы жылдар бойы өмір жолын қол ұстасып бірге жүріп, ең басты құндылықтарын – махаббатты, сыйластықты және бір-біріне деген адалдықты сақтап келеді. Олар екі ұл тәрбиелеп өсіріп, балаларына ең қымбат сый – берік отбасының жылуын, мейірімділікті, адамға деген сүйіспеншілікті және ата-ананың өнегесін бере білді.

Отағасы – өнер адамы, суретші. Ол әсемдікті көре біліп, оны өз шығармашылығы арқылы жеткізе білді. Ал отанасы – кітапхана директоры, көптеген жылдар бойы кітапқа, мәдениетке және адамдарға қызмет етті.

Олардың отбасы тарихы – екі адамның бір-бірін толықтырып, бірге жайлы шаңырақ құрып, ондаған жылдар бойы бір-біріне тірек бола білгенінің жарқын үлгісі.

Исаковтар отбасы қалыптастырған шаңырақтың жылуы алдағы уақытта да туған-туыстары мен жақындарын біріктіре берсін. Ал уақыт сынынан өткен махаббаттары жас ұрпаққа әрдайым үлгі болсын.

Отбасы күні құтты болсын! Әр шаңырақта махаббат, өзара түсіністік, сыйластық пен бақыт салтанат құрсын!

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...