Таза Қазақстан-Таза Табиғат!
5 маусым – Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Мойынқұм ауданы Әйелдер қанатының жетекшісі Ғалия Шубаеваның ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті.
🔰 Кездесу барысында қоршаған ортаны аялау, тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғау және тазалықты әр адамның өз ауласынан бастау қажеттігі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Қатысушылар экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, туған жердің тазалығын сақтауға үлес қосуға шақырылды. 🌿