ҰСТАЗ АЙТСА» — облыстық диалог алаңы
«Неге мен мұғаліммін?»
Ұстаз болу – мамандық қана емес, үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауы. Әр мұғалімнің бұл мамандықты таңдауының өз тарихы, өз себебі бар.
Осыған орай, «ҰСТАЗ АЙТСА» облыстық диалог алаңы аясында «Неге мен мұғаліммін?» тақырыбында ашық пікір алмасу өтеді.
- Неліктен ұстаздық жолды таңдадым?
- Ұстаздық мамандықтың мәні неде?
- Бүгінгі мұғалімге не маңызды?
- Ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны қандай?
Диалог барысында ұстаздардың кәсіби ұстанымы, тәжірибесі, ой-пікірі мен шабыт беретін оқиғалары ортаға салынады.
«Ұстаз айтса» – ұстаз үні естілетін, ойы мен тәжірибесі тоғысатын ашық алаң.
Барша білім саласының өкілдерін мазмұнды 5 қазан күні өтетін диалог алаңына шақырамыз!
#ҰстазАйтса #НегеМенМұғаліммін #ДиалогАлаңы #Ұстаз #Білім #Әділет #Ақмолаоблысы