Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ауылдық жерде әйелдердің бизнесі... 29 қыркүйек, 2026 Маңғыстау облысы

Жаңаөзенде «Шеберлер шеруі» мега фестивалі өтті

Жаңаөзен қаласында ұлттық қолөнерді дәріптеуге арналған ауқымды «Шеберлер шеруі» мега фестивалі ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шараны Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының әкімдіктері және «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бірлесіп өткізді.

Жаңаөзенде «Шеберлер шеруі» мега фестивалі өтті

​     Жаңаөзенде ұлттық қолөнерді дәріптеуге арналған «Шеберлер шеруі» мега фестивалі өтті. Екі күнге созылған ауқымды шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Жаңаөзен қаласының әкімдігі және «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.  
​     Фестивальге жүзге жуық шебер ана қатысып, тәжірибе алмасты. Этнодизайнер Ырза Тұрсынзада қыз-келіншектерге құрақ құрау, киіз басу, шапан тігу, бау тоқу, күлте шашақ жасау бағыттары бойынша тегін шеберлік сағаттарын өткізді.  
​     «18 жылдан бері Қазақстанды аралап, мегафестивальдер, көрпе фестивальдерін өткізіп, құрақтың заманауи түрін жасауды үйретіп келемін. Бұл – шеберлік сабақтарының жемісі, ұлттық өнердің жеңісі. Маңғыстау өңірі, Жаңаөзен қаласының ханымдарына алғысым ерекше. Себебі бұл жерде ұлттық өнер сақталған», – дейді Ырза Тұрсынзада.  
     Биылғы фестивальдің ерекшелігі – жергілікті шеберлердің де кеңінен тартылуы. Этнодизайнер бұған дейінгі сапарларында өзімен бірге шеберлерді ертіп келсе, бұл жолы Жаңаөзен тұрғындарының арасынан өнері мен шеберлігіне қарай бес ана арнайы іріктелді.  
​     Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, бұл бірнеше жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан шеберлік сабақтарының нәтижесі. Жергілікті әйелдердің тәжірибесі артып, ұлттық қолөнерді меңгерген шеберлердің қатары көбейіп келеді.  
     Фестивальдің екінші күнінде ұлттық киімдерден сән көрсетілімі өтіп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптейтін қойылымдар ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/Dd3zzyttf9G/?stkn=Nzk4Z2h3cGt2b3N3

6abc9db822f27.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 маусым, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

16 қаңтар, 2026

Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды

29 мамыр, 2026

Әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері талқыланды

ИДЕЯДАН ІСКЕ: ӘЙЕЛДЕР БАСТАМАСЫ