Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 22 қыркүйек, 2026 Ақмола облысы

«Жас аналар клубы»: қолдау, қарым-қатынас және тәжірибе алмасу

«Жас аналар клубы»: қолдау, қарым-қатынас және тәжірибе алмасу


Жарқайың аудандық «Әділет» партиясы филиалында «Жас аналар клубы» аясында кездесу өтті.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылды. Жас аналар өзара еркін пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті және ана болу мен отбасылық өмірге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесудің маңызды бөлігі психолог пен педиатр мамандарымен өткен пайдалы сұхбат болды. Мамандар тренингтер өткізіп, жас аналардың сұрақтарына жауап беріп, психологиялық жағдайды сақтау, отбасындағы өзара қарым-қатынас, балалардың денсаулығы мен күтіміне қатысты практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар, мамандар аталған бағыттар бойынша пайдалы кітаптарды ұсынды.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, өзара түсіністік пен қолдау мәселелері талқыланып, қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен және пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде жас аналар бала тәрбиесі, отбасы ішіндегі қарым-қатынас және балалардың денсаулығына қатысты нақты практикалық ақпарат алды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына мамандардан жауап алып, пайдалы әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, жас аналардың өзара тәжірибе алмасуына және алдағы уақытта бір-біріне қолдау көрсететін тұрақты орта қалыптастыруына мүмкіндік жасалды

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сәуір, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мамыр, 2026

«Бақытты отбасы»: бірлік, жылулық және отбасылық құндылықтар күні.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 ақпан, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...