ӘДІЛЕТ: ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚОЛДАУ
Сарысу ауданында Отбасы күніне орай қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.
Отбасы күні қарсаңында 11 қыркүйек күні Сарысу ауданы «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасылардың шаңырағына бару мақсатында республикалық акция өтті.
Акцияға облыстық мәслихат депутаты, Сарысу аудандық кітапханалар жүйесінің директоры А.А. Жолмаханова қатысып, отбасылардың жағдайымен танысып, жылы лебізі мен қолдауын білдірді.


