Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 11 сентября, 2026 Западно-Казахстанская область

«Әділет» партиясы еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бауржан Бектұрған, партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі, Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Ашикова Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Мензипа Жұматова Дүйсенбайқызының шаңырағына арнайы барып, туған күнімен құттықтады.

«Әділет» партиясы еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы Сағынтай Бисенғалиев те қатысты. Ақын Сағынтай Бисенғалиев Ақжайық өңірінің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласып жүрген шығармашылық тұлға ретінде танымал. Ол республикалық айтыстарға қатысып, жүлдеге ие болған, бүгінде жазба поэзиямен қатар жас ақындарға бағыт-бағдар беріп, айтыс өнеріне баулып келеді. 

Кездесу барысында партия өкілдері Мензипа Жұматоваға өңірдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін зор алғыстарын білдірді.

Бауржан Бектұрған Мензипа Жұматованың ел игілігі жолындағы ұзақ жылғы еңбегін жоғары бағалап, оның кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық ұстанымын атап өтті.

«Мензипа Дүйсенбайқызы – елдің әлеуметтік-мәдени дамуына ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, халықтың ықыласы мен құрметіне бөленген азамат. Осындай елге еңбегі сіңген ардақты жандардың өнегелі жолын кейінгі буынға насихаттау – біздің парызымыз. Сізге халық игілігі жолындағы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – деді партия филиалының төрағасы.

Өз кезегінде Нұргүл Ашикова да Мензипа Жұматованы туған күнімен құттықтап, әсіресе әйелдер қауымының қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға қосқан үлесіне тоқталды.

Кездесу барысында Мензипа Жұматова өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, партия өкілдеріне алғысын жеткізді.

«Әділет» партиясы үшін елге еңбегі сіңген азаматтарды құрметтеу, аға буынның өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу және отбасы мен қоғам құндылықтарын нығайту маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 сентября, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 сентября, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...