Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!
Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға өз үлестерін қосты.
Талас ауданында «Әйел өмірі үшін» ақпараттық науқаны аясында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен жүгіру мен серуендеу өтті. Іс-шара қатысушыларына сүт безі обырының алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндіріліп, аудан әйелдері уақытылы медициналық тексеруден өтуге шақырылды.
Өзіңізді күтіңіз, уақытылы тексерілуді ұмытпаңыз!




