«Әділет – жүректен басталады» АКЦИЯСЫ
Акцияның басты мақсаты – жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
Дүниежүзілік жүрек күніне орай «Әділет» партиясының қолдауымен және «Мұхамбет» медициналық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында «Әділет – жүректен басталады» атты акция өтті.
Іс-шара барысында тұрғындарға жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу бойынша ақпарат беріліп, қан қысымы өлшеніп, денсаулық көрсеткіштері бағаланды. Сонымен қатар медицина мамандары тұрғындарға қажетті кеңестерін берді.
Денсаулық – әр адамның басты байлығы. Ал жүрек саулығына қамқорлық жасау – өзіңе және жақындарыңа деген жауапкершіліктен басталады.
«Әділет» партиясы халықтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған осындай әлеуметтік бастамаларды қолдайды.
https://www.facebook.com/share/v/18F39wLgng/
