Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие обеспечению цифрового... 5 мая, 2026 Мангистауская область

Цифрлық әлемге қадам: «MEDIANA» IT компаниясы және «MANGYSTAU.HUB» стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «MEDIANA» IT компаниясымен бірлесіп, «MANGYSTAU.HUB» алаңында жастарға экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында жаңа Конституцияда білім, ғылым және цифрлық дамуға басымдық берілгені айтылып, жастарды заманауи білім игеруге шақырды. Экскурсия кезінде IT саласының мамандары студенттерге цифрлық технологиялар мен ғылыми жаңалықтар туралы мәлімет беріп, олардың кәсіби қызығушылығын арттырды.

Цифрлық әлемге қадам: «MEDIANA»  IT компаниясы және «MANGYSTAU.HUB»  стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия
69fadc7a151b4.jpg

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мен «MEDIANA» IT компаниясы бірлікте «MANGYSTAU.HUB» стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия ұйымдастырды. Партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы Пәния Сармурзина, Экономика және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Раушан Аймурзаева жаңа Конституцияда білім, ғылым, инновация және цифрлық даму бағыттарына басымдық берілгенін атап өтті. Сонымен қатар жастарға заман ағымына сай білім мен ғылымды игерудің маңызы туралы баяндады.

Экскурсияда заманауи ақпараттық, компьютерлік, серверлік және цифрлық бағдарламалармен кәсіби түрде айналысатын «MEDIANA» IT компаниясының өкілі Қарлығаш Бекназарова және «MANGYSTAU.HUB» өкілі Әйгерім Мәтжан студенттерге сала бойынша кең көлемді ақпарат беріп, ғылыми жаңалықтармен таныстырды. Жастар экскурсиядан ғылыми жаңалықтар туралы ақпарат біліп, цифрлық даму кезеңіндегі маңызды міндеттер туралы ой түйді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

23 мая, 2026

Вместе создаём зелёное будущее Караганды

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в экологической акции в рамках программы «Таза Қазақстан». На те...