Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.
Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеяларға серпін беру және өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жағдай жасау.
AMANAT партиясының филиал жанындағы ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ жетекшісі П.Сармурзина және ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ СЕКТОР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ төрағасы Р.Аймурзаеваның бастамасымен және Жаңаөзен қалалық партия филиалының Әйелдер қанаты ұйымдастыруымен «Ana serpini» жобасының ашылуы өтті.
Іс-шараға Жаңаөзен қалалық әкімі Жансейіт Қайнарбаев’ Облыстық мәслихат депутаты Р.Аймурзаева, Жаңаөзен филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Т.Болатбаева, қалалық маслихат төрағасы Ғалым Байжанов, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер, сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеяларға серпін беру және өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жағдай жасау.
Жаңаөзен қалалық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Т.Болатбаева аталған жобаның тележоба форматында өтетінін атап өтті. Сонымен қатар, шара барысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері жан-жақты таныстырылатын болады.
https://www.facebook.com/share/r/1Gw3NrMgJL/
