ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні ретінде атап өтіледі. «Әділет» партиясы отбасыны қоғамның негізі әрі әр адамның ең алғашқы сүйеніші деп қарастырады. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасын қорғап, қолдау Қазақстан Республикасының Конституциясы деңгейінде бекітілгенін айқындай отырып, Әділетті Қазақстанға заңға құрмет, адал еңбек, қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау, диалог мәдениеті, медиасауат, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, табиғатқа жанашырлық, үлкенді құрметтеу, отбасын қолдау және жастарды тәрбиелеу сынды кемел қоғамның қасиеттері керек деп нақты міндеттерді белгілеген.

Отбасыларды қолдауға арналған осы және өзге де басымдықтар туралы партияның Түркістан облыстық филиалы өткізген мерекелік кездесулерде кеңінен таныстырылды. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева және партияның Түркістан қалалық филиалының сектор меңгерушісі, қалалық Әйелдер қанатының жетекшісі Мая Майдан бастаған партияластар Түркістан қаласындағы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын отбасыларға арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.