«AMANAT Керуені» акциясының Самар ауданынан басталуы ауыл тұрғындары үшін нақты қолдау болды.
«AMANAT Керуені» акциясының Самар ауданынан басталуы ауыл тұрғындары үшін нақты қолдау болды. Көп адам қалаға барып, онколог, маммолог, гинеколог, уролог немесе офтальмолог сияқты маманға көріне алмай жүреді.
Ал бұл жолы дәрігерлер ауылдың өзіне келіп, тұрғындарды тегін қабылдап, тексеруден өткізді. Әсіресе Самар ауданында 10 жылдан бері офтальмолог жоқ екенін ескерсек, мұндай көмектің жөні бөлек екенін байқайсың.