«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Әйелдер қанаты «ҒЫЛЫМ TALKS» TedX форматында конференция
«12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күніне» орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Әйелдер қанаты «ҒЫЛЫМ TALKS» TedX форматында конференция ұйымдастырды.





Таразда «ҒЫЛЫМ TALKS» алаңы ғылым мен қоғамды жақындастырды
Ғылым күні қарсаңында Тараз қаласында жаңашыл форматтағы «ҒЫЛЫМ TALKS» конференциясы ұйымдастырылды. Шараның басты бастамашысы – «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты. Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып өткізілген бұл жиын ғылымды насихаттаудың соны үлгісін көрсетті. Өңіріміздің 3 ЖОО тәжірибелі профессорлар мен жас таланттар бір арнада тоғысып, өңірдің ғылыми әлеуетін паш етті. Креативті идеялар, ғылыми жаңалықтар қарапайым тілде түсіндірілді. Айрықша ғылыми жоба сәтті өтті!
Қатысушыларды партия филалы төрағасы Д.Ы. Бейсенқұлов Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады. Спикерлер мінберіне шыққан білікті ғалымдар мен жас ізденушілер өздерінің ғылыми жаңалықтары мен зерттеулерін TED форматында баяндады. Олардың мақсаты – ғылымның қоғам өміріндегі маңыздылығын қарапайым тілмен түсіндіру және жастарды ізденіске баулу.Іс-шара барысында ғылыми ойлар ортаға салынып, қатысушылар арасында қызу талқылау орын алды. Әйелдер қанатының бұл бастамасы өңірдегі интеллектуалды ортаның дамуына серпін беріп, жас ғалымдардың танылуына мүмкіндік жасады.