Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины в экономике: труд, бизне... 15 мая, 2026 Мангистауская область

AMANATтың Әйелдер қанаты сапалы тұлғалармен толығуда: Білім, бизнес және руханият бірлігі!

Бүгін «AMANAT» партиясының өңірлік филиалында айтулы оқиға орын алды. Біздің қатарымыз, оның ішінде - Әйелдер қанаты тек сан жағынан емес, сапа жағынан да салмақты, елге сыйлы, өз ісінің нағыз майталмандарымен толықты. Әйелдер қанатының нығаюы — қоғамдағы нәзік жандылардың рөлін арттырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге жаңа серпін бермек.

AMANATтың Әйелдер қанаты сапалы тұлғалармен толығуда: Білім, бизнес және руханият бірлігі!

https://www.facebook.com/share/p/1EwNziZ7aj/

Бүгін біздің командамызға қоғамның әр саласында өзіндік қолтаңбасы бар нәзік жанды көшбасшылар келді: өлкемізге танымал тұлға, өңірдің жасыл желегін сақтап, табиғат пен ғылымның жанашыры,Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бақ Республикалық мемлекеттік кәсіпорының тынысын ашып отырған көшбасшы — Ақжүніс Алтайқызы; өңірдегі іскерлік ортаның қозғаушы күші, кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, бизнестің дамуына жол ашқан білікті басшы — Аққу Тұрашқызы; зиялы қауымның көрнекті өкілі, білікті ұстаз — Жанымгүл Тоқтықарақызы. Партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы жаңа мүшелерді салтанатты түрде құттықтап, олардың білімі мен тәжірибесі өңір дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

​Осындай мықты тұлғалардың, сондай-ақ бірқатар ОСИ төрағалары мен мекеме басшыларының бізбен бір сапта болуы — партиямыздың халық алдындағы аманатына адалдығын көрсетеді.

🤝 Шара аясында ОСИ және ПИК қауымдастығымен маңызды Меморандумға қол қойылды. Мақсат — тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, үйіргелік мәселелерді жүйелі әрі жедел шешу. Жалпы көптеген істер, жобалар іске асуда.

​Сонымен қатар, нәзік жандылардың жеке кәсібін бастауына, қоғамда өз орнын тауып, көшбасшылық қасиеттерін шыңдауына ерекше көңіл бөлінуде. Партиямыздың Әйелдер қанаты осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Бүгін қатарымызға қосылған білікті тұлғалар да осы маңызды істерге жаңа леп әкеліп, әйелдер кәсіпкерлігі мен әлеуметтік бастамаларды дамытуда ерен еңбек етеді деп сенемін.

​Қатарымыз нығайып, Әйелдер қанатының бастамалары мен жаңа серіктестеріміздің ісі ел игілігіне қызмет ете берсін! Бірлігіміз бекем, жолымыз ақ болсын!

6a142fa860dd8.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 августа, 2026

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

7 августа, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

4 мая, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мая, 2026

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в проекте She Impact Kazakhstan KZ:

Представители женского крыла партии «AMANAT» приняли участие в республиканском образовательном проекте She Imp...

10 апреля, 2026

«Ғылым Talks: От науки к бизнесу»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...