Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 31 июля, 2026 Казыгуртский район

Ана денсаулығы – басты байлық

Ана денсаулығы – басты байлық

Ана денсаулығы – басты байлық

на денсаулығы – басты байлық

Ана денсаулығы – ұлт саулығының негізі

Ана – отбасының ғана емес, қоғамның да тірегі. Денсаулығы мықты ана – дені сау ұрпақтың, берекелі отбасының және жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан ана денсаулығын сақтау – әрбір отбасы мен мемлекеттің ортақ міндеті.

Осы мақсатта «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының Қазығұрт ауданы бойынша жауапты төрайымы Перизат Ырсалы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында аналармен кездесу өткізді. Басқосу барысында ана және репродуктивті денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға уақытылы медициналық тексеруден өтудің, дұрыс тамақтанудың және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесуде сондай-ақ «Әділет» партиясының денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламалық басымдықтары таныстырылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін қағаз жүзіндегі есепке емес, науқастың нақты денсаулық көрсеткіштеріне негізделген адамға бағдарланған модельге көшіру, бастапқы медициналық-санитариялық көмекті күшейту, аурулардың алдын алу жұмыстарын жүйелеу, медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылатыны айтылды.

Сонымен қатар білім, денсаулық, кәсіби машық пен адамның жасампаздық әлеуеті мемлекеттің басты капиталы екені атап өтілді. Осыған сәйкес адам капиталын дамытуға инвестиция салу партияның стратегиялық басым бағыттарының бірі екені түсіндірілді.

Бүгінде көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік бар. Ол үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, қажетті екпелерді алу аса маңызды. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау – болашақ ұрпақтың саулығына салынған маңызды инвестиция.

 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...