Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 18 сентября, 2026 Западно-Казахстанская область

«Анаға бір сағат» атты әлеуметтік бастама өтті

Орал қаласында әйелдерге қолдау көрсетуге және олардың өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған «Анаға бір сағат» атты әлеуметтік шара ұйымдастырылды.

«Анаға бір сағат» атты әлеуметтік бастама өтті

Бастаманың негізгі мақсаты – әйел азаматшаларға күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алыстап, өзіне көңіл бөлуге мүмкіндік беру, моральдық қолдау көрсету және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Шара екі күнге жоспарланып, қатысушылар үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Алғашқы күні – 17 қыркүйекте Отбасы орталығының қызмет алушылар яғни, екі көпбалалы аналарға киім дүкеніне барып, өздеріне лайықты киім таңдауға көмек көрсетілді. Бұл ретте олардың жеке қалауы мен талғамына көңіл бөлініп, өздерін еркін әрі жайлы сезінуіне жағдай жасалды.

Сондай-ақ қатысушылар психолог Айгүл ханымның жеке қабылдауында болып, маманмен ашық форматта әңгімелесті. Психологиялық кездесулер әйелдердің ішкі жан дүниесіне көңіл бөліп, өздерін мазалаған мәселелер туралы сөйлесуге мүмкіндік берді.

Екінші күні – 18 қыркүйекте қатысушылар үшін сұлулыққа арналған шағын бағдарлама ұйымдастырылды. Таңғы сағат 09:00-де оларға макияж жасалып, шаш үлгісі дайындалды.

Ал сағат 11:00-де шара қатысушылары бір дастархан басында бас қосып, шай ішіп, еркін форматта әңгіме-дүкен құрды. Сонымен қатар, дастархан үстінде Әйелдер қанатының мүшесі Бұлбұл Сапарғалиеваның би студиясының қолдауымен зумба биіне 1айға арналған абонемент сыйға тартылды. Жылы әрі жайлы атмосферада өткен кездесуде әйелдер бір-бірімен пікір алмасып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын уақыт өткізді.

«Анаға бір сағат» бастамасының басты ерекшелігі – әйелдерге материалдық немесе тұрмыстық көмек көрсетумен ғана шектелмей, олардың көңіл-күйіне, өзін бағалауына және психологиялық жай-күйіне назар аудару.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кейде әйел адамға үлкен өзгеріс үшін көп нәрсе қажет емес. Бір сағат уақыт бөліп, оны тыңдау, қолдау, әдемі сөз айту немесе өзіне ұнайтын киімді таңдауға мүмкіндік беру – оның көңіл-күйіне оң әсер етуі мүмкін.

«Анаға бір сағат» – әр әйелдің өзіне көңіл бөлуге, өзін бағалауға және ерекше сезінуге лайық екенін еске салатын шағын, бірақ мағыналы бастама.

 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 сентября, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 сентября, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...