«Асыл әжем» – әжелер арасындағы мерекелік сайыс
Далақайнар ауылында Халықаралық қарттар күніне орай әжелер арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптеген сайыс өтті.
Шу аудандық Әйелдер қанатының ұйытқы болуымен Далақайнар ауылында Халықаралық қарттар күніне орай «Асыл әжем» тақырыбында әжелер арасында сайыс өткізді.
Мерекелік сайысқа жиналған қауым ауыл әжелерінің әлі де тың, өнерлі әрі салт-дәстүрге бай екендігіне куә болды. Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста ақ жаулықты аналарымыз ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп шықты. Шара аясында аға ұрпақ өкілдеріне жылы лебіздер айтылып, сый-құрмет көрсетілді.
Кеш соңында ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналар ұйымдастырушыларға өз баталарын берді.



