Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины в экономике: труд, бизне... 28 августа, 2026 Мангистауская область

АУЫЛ ӘЙЕЛ ҚОҒАМ

Мұнайлы ауданында Әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен Ауыл. Әйел. Қоғам атты облыстық форум өтті.

АУЫЛ ӘЙЕЛ ҚОҒАМ

https://www.facebook.com/share/r/1Bbp1McyH2/

Мұнайлы ауданында Әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен «Ауыл. Әйел. Қоғам» атты облыстық форум өтті.

Форумның ерекшелігі ауданның әсем безендірілген кең, жарық банкет залында өңірдің аудан, ауыл, қалаларынан жиналған нәзік жандылар бас қосты. Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзина мен қатысушылар бұл шараның маңызына тоқталды.

Әйел – бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетер дегендей, қоғамдағы әйел қауымының орны бір төбе екенінің куәсі болдық. Спикерлерді өз айналамыздан алыстамай, көпке үлгі боларлық ісімен елге танымал жандарды таңдадық деді аудан әкімінің орынбасары Сара Ногаева ханым.

Қазақ әйеліне тән даналығы отырысы мен әр сөзінен көрінген ауылының абысын-ажыны мен қайындары атап кеткен “Генерал” әже спикер болды.

Ұзақ жылдар облыстың сот саласында қол үзбей жұмыс жасай жүріп, бала тәрбиесін шет қалдырмай, жарымен бірге тәрбиелеп келе жатқан Алтын алқалы Ана Гүлажар Бақытжанова әр әйелдің құқықтық сауаттылығының қазіргі қоғамда маңыздылығын атап, әйел қауымының отбасындағы ролі, береке-бірліктің бастауы – жарымен сыйластық, қажет уақытта өз құқығын қорғай алатын сауатты болуы керектігін атап өтті.

Аналар кеңесінің төрағасы Зейнеп Тастемірова балаға тек материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп қоймай, түрлі жағымсыз кеселдердің алдын алу үшін ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың мықты, тұрақты болу керектігін атап өтті.

Спикер Гүлмира Себепбаева мемлекеттік қызметте жүріп қалай ұлттық өнерімізді ұлықтап жүргенін, қарап отырмай қосымша табыс табу жолдарын және шашақ жасау бизнесіндегі жетістіктерін және оны оқыту курсы арқылы алыс елдерден қызығушылық танытқан мыңдаған жандарға үйреткенін айтты. Спикер Жібек Ахметова әйелдің қаржылай сауаттылығын, қажет жағдайда көптеген мүмкіндіктерді пайдалану жолдарын атап өтті.

Форумды қорытындылаған Мәслихат депутаты, әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзина форумның өте жақсы өткенін, айтылған жақсы ойлар мен пікірлерді тыңдап, отбасындағы тәрбие мен тәлімге ер адамдардың ролінің жоғары екенін, олардың да қатысуын ескерген жөн деп ой қосты.

6a9e99977eb23.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мая, 2026

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в проекте She Impact Kazakhstan KZ:

Представители женского крыла партии «AMANAT» приняли участие в республиканском образовательном проекте She Imp...

10 апреля, 2026

«Ғылым Talks: От науки к бизнесу»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...