«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
«JAMBYL» телеарнасының «Рауан» таңғы бағдарламасында сүт безі обырының алдын алу мен ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
«Әділет» партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанаты жетекшісінің орынбасары Д. Ускумбаева және облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Ж. Сейдахметов жергілікті «JAMBYL» телеарнасының «Рауан» таңғы бағдарламасына қатысып, сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығының мақсат-міндеттері жөнінде кеңінен әңгімеледі.
Эфир барысында спикерлер «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» республикалық ақпараттық науқанының маңыздылығына тоқталып, әйелдер арасында онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностика және медициналық сауаттылықты арттыру мәселелерін талқылады.
Ж. Сейдахметов сүт безі обырының пайда болуына әсер ететін негізгі қауіп факторлары, аурудың алғашқы белгілері, заманауи диагностикалау және емдеу әдістері туралы кәсіби тұрғыда түсініктеме берді. Сондай-ақ ауруды ерте кезеңде анықтаудың ем нәтижесіне ықпалы зор екенін атап өтіп, әйелдерді профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырды.
Өз кезегінде Д. Ускумбаева ақпараттандыру айлығы аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, әйелдер денсаулығын қорғау, қоғамда алдын алу мәдениетін қалыптастыру және онкологиялық аурулар туралы ашық ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті.