Әйел саулығы – ұлт болашағы!
Шу ауданында өткен «Денсаулық сағатында» әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды.
Әйел денсаулығы — өмірдің сұлулығы мен жастықтың кепілі. Шу ауданында, «Абай» бастауыш партия ұйымында маңызды «Денсаулық сағаты» өтті. Шараны Әйелдер қанатының белсендісі Фариза Байгисиева ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайту және отбасы институтын қолдау. Кездесу барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
Дәрігер Н. Сейдалиева мен психолог А. Өскенбаева студенттер мен аналарға пайдалы кеңестер берді: тұрақты, жылына кемінде 1 рет медициналық тексерістен өту, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту, психологиялық саулықты сақтау.
«Сау анадан ғана сау ұрпақ туады»: Денсаулық — тек отбасының емес, бүкіл мемлекеттің байлығы!


