ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТ: ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ!
«Әділет» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Қ. Қыпшақбаева мен белсенді мүшесі К. Увалиева ауданның білім саласында еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдерді Еңбек күнімен құттықтады.
Кездесу барысында әйелдерге шынайы алғыс айтылып, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке тілінді. Сонымен қатар мерекеге орай гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.
Еңбек күні – күн сайын өз жұмысын үнсіз әрі жауапкершілікпен атқарып жүрген жандарға алғыс айтатын жақсы мүмкіндік.
Білім ордасының тазалығын қамтамасыз етіп жүрген техникалық қызметкер де, балаларға білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаз да – осы саланың ажырамас бөлігі. Әрқайсысының еңбегі мектептің қалыпты жұмысына, балалардың жайлы ортада білім алуына өз үлесін қосып келеді.
Әсіресе, отбасының қамын да, жұмыстың жауапкершілігін де қатар алып жүрген әйелдердің еңбегі ерекше құрметке лайық. Күнделікті атқарып жүрген жұмысы көзге көріне бермеуі мүмкін. Бірақ оның артында отбасының берекесі, балалардың тәрбиесі, шәкірттердің болашағы тұр.
Осындай қарапайым кездесулер – адамдардың еңбегін бағалап, бір-бірімізге жылы сөз айтуға жақсы себеп.
Еңбектеріңіз жемісті, әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын!

