Әйелдер қанаты ақынға қолдау көрсетті.
Ақын қыз-келіншектерге қолдау көрсетуі — қоғамдағы әйел шығармашылығын дамыту, ұлттық руханият пен әдебиетті ілгерілету және өнерлі нәзік жандылардың әлеуетін арттыратыны анық.
Бүгін Әйелдер қанаты ақынға қолдау көрсетті. Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен "Жапырақтар оқығандай бізге өлең" атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Жергілікті ақын Тұрсынкүл Ентайқызы жастармен кездесіп, ақынның өлеңдер жинақтарының тұсаукесері өтті. «Әділет» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Р.Тұрмаханбетова мен Әйелдер қанатының сарапшысы Эльмира Әбдинова қатысып, ақынға шығармашылық табыс, таусылмас шабыт тіледі. Сондай-ақ, кеш қонақтары ақынның қазақ поэзиясына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, жүрекжарды ақ тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.








