Әйелдер қанаты: Тазалық — табалдырықтан басталады!
🔹Сенбілікті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында “Әділет” партиясы Жуалы аудандық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Эльмира Абиловна Әбішева ұйымдастырды. Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды қадам болды.Игі шараға Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп ұжымы, белсенді оқушылар және ата-аналар қауымы бір кісідей атсалысты. Жиналғандар мектеп ауласы мен оған сабақтас аймақтарды қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеу және көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жоғары белсенділікпен атқарды.
Жұмыла атқарылған әрбір іс — өскелең ұрпақтың туған жерге, өз мектебіне деген шынайы құрметінің көрінісі. Тазалық — мәдениеттің бастауы, ал табиғатты аялау — әрбір азаматтың қасиетті міндеті. Акция соңында ұйымдастырушылар мен мектеп әкімшілігі тазалық жұмыстарына қолдау көрсеткен барша қатысушыларға алғыс білдірді.
💚 Таза аула — таза мектеп — таза Қазақстан!