Әйелдер қанатының белсенділігі және өндіріс орнындағы кездесу
«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова Шу ауданында белсенді әйелдермен және локомотив депосының қызметкерлерімен кездесіп, әйелдердің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және отбасы қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова Шу ауданына жұмыс сапары аясында ауқымды кездесулер өткізді. Аудандық Әйелдер қанатының белсенділерімен бас қосуда, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын пысықтады. Көшбасшылықты дамыту, әйелдердің кәсіби тұрғыда өсуіне және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына жағдай жасау мәселері туралы ашық пікір алмасылды. Келесі кездесу Шу локомотив пайдалану депосында өтті. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген нәзік жандылармен жүздесу барысында Айман Сериковна Әйелдер қанатының негізгі бағыттарын таныстырып, маңызды мәселелерді талқылады: теміржол саласындағы әйелдердің еңбек жағдайларын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер жөніндегі маңызды мәселелерді талқылады. Депо қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға, атап айтқанда әлеуметтік көмек, көп балалы аналарды қолдау және білім беру саласындағы жеңілдіктер туралы сауалдарға тұщымды жауап берілді.


