Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 9 сентября, 2026

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕТЕКШІСІМЕН АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Бүгін әйелдер қанатының жаңа жетекшісі Нұргүл Ашикованың төрағалығымен алғашқы жұмыс отырысы өтті.

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕТЕКШІСІМЕН АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Отырыста жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары таныстырылып, алдағы кезеңнің негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар мен бастамалар көтерілді.

Атап айтқанда:ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған «Ашық есік күндерін» өткізу және аудандарда көшпелі кездесулер ұйымдастыру;

әлеуметтік осал топтағы аналарға жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін оқыту курстары мен білім беру сертификаттарын қарастыру; әйелдер арасында профилактикалық тексерулер мен скринингтерді насихаттау

жасөспірімдер мен студенттер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, вейп пен электронды темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту;

ерекше балаларды қолдау мақсатында дамыту орталықтарымен және арнайы балабақшалармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Отырысты қорытындылаған Нұргүл Ашикова қатысушыларды белсенді ынтымақтастыққа және көтерілген бастамаларды нақты істермен жүзеге асыруға шақырды.

«Бірлесе атқарған жұмыс – нақты нәтижеге бастайды. Әр бастаманың артында қоғамға пайда әкелетін нақты іс тұруы керек», – деді ол.

Алдағы уақытта әйелдер қанаты әйелдер мен жастарды қолдау, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жағдай жасау және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...

18 октября, 2026

Алматы облысында сүт безі обырына шалдыққан әйелдерді қолдауға бағытталған «Әйел өмірі» акциясы аясында 5 шақырымдық жүгіру марафоны өтті

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысып, әйелдер денсаулығына назар аудару, аурудың алдын алу және онкологиялық дер...

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін» — Меркі ауданында марафон өтті!

Жамбыл облысы Меркі аудандық партия филиалы және Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен сүт безі обырының алдын алу...