Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 11 сентября, 2026 Западно-Казахстанская область

ӘЖЕ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Отбасы күніне орай аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Мұратұлы Даргужиев "Сырым жауһарлары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахитова Мәншүк Ғарифоллақызы ұйымдастыруымен, ауылдық округтерден әжелер, немерелер мен келіндердің қатысуымен өткен «Әже өнегесі – ұрпаққа аманат» атты тағылымдық шараға өтті.

ӘЖЕ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Қазақ үшін отбасы – тәрбие мен тәрбиенің, мейірім мен өнегенің, салт пен дәстүрдің алтын бесігі. Ал сол бесіктің берекесін сақтап, ұрпаққа бағыт-бағдар беруде әжелер орны ерекше.

Шара барысында әжелер өмірден түйген тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, келіндерге ақыл-кеңесін айтып, немерелеріне ақ батасын берді. Үш буынның бір шаңырақ астында бас қосуы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.

⚖️ «Әділет» партиясы қоғамның негізі саналатын отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұлттық дәстүр мен адамгершілік қағидаттарын дәріптеуге ерекше мән береді. Себебі отбасындағы тәрбие – елдің ертеңіне салынған инвестиция.

Әже өнегесін көрген немере үлкенді сыйлауды үйренеді. Келіннен көрген ізеттілік пен мейірім келесі ұрпаққа жалғасады. Осылайша, бір отбасының өнегесі – тұтас қоғамның құндылығына айналады.

💐 Әже – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізуші,

Келін – сол өнегенің жалғастырушысы,

Немере – ертеңгі күннің үміті.

Бүгінгі тағылымды шара – ұлттық тәрбиені ұлықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Отбасы берік болса – қоғам да берік.

Ұрпақ тәрбиесі мықты болса – елдің болашағы да жарқын! 🇰🇿

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 сентября, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 сентября, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...